flightradar24 мәліметінше, аталған борт UH250 Харьков-Ыстанбұл рейсінде жолаушыларды тасымалдаған болатын.
Түріктің авиациялық Airporthaber басылымы, ұшақтың 4000 фут биіктікте (1200 метр) дауылға тап болып, тұмсығы мен алдыңғы әйнектерінің айтарлықтай бүлінгендігі туралы жазылған. Осыдан кейін ұшқыштар Ыстанбұлға кері қайтуға шешім қабылдаған.
«Ұшақтың жерге аман-есен қонуы ұшқыштардың тәжірибесінің мол болуы мен салқынқандылығының арқасында сәтті аяқталды», - деді әуе компаниясының өкілдері.
Ұшақ жерге қонғаннан кейінгі фотосуреттерден А320-ның тұмсығы тұтасымен сынып, алдыңғы терезелерінің сыңғанын байқауға болады.