Қатты дауыл Қызылорда облысында интернат үйінің шатырын жұлып әкетті

None
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қатты дауыл интернат үйінің шатырын жұлып әкетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Арал қаласында шілденің 2-сінде сағат 23.45-те күші секундына 20-25 метрлік қатты жел тұрып облыстық № 2 мамандандырылған интернат үйінің алаңы 910 шаршы метр болатын шатырын жұлып әкетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.