Оның атап өтуінше, тәтті ұйқыдан тұрғаннан кейін жұмысқа барар алдында керіліп тұрып, есінеуді жөн көрген. Дәл осы әрекетінен кейін кеуде тұсының шаншып кеткеніне мән бермеген ол санаулы сәттерден кейін қатты ауырып, тыныс алуға да шамасы әрең жеткен. Міне, осыдан кейін ғана дәрігер шақырған.
Науқасты рентгенге түсірген дәрігерлер оның өкпесінің жыртылып кеткендігін анықтаған.
Мұндай жай түрлі себептер салдарына орын алады. Мәселен, дәрігерлердің пайымынша, уханьдық азаматтың өкпесінің жыртылып кетуіне дене бітімі басты фактор болған. Оның бойы - 1,8 метр, ал салмағы - небәрі 60 келі, яғни бойы мен салмағы бір-біріне сай емес.