Қатты ыстықтан 7 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда қатты ыстықтан 7 адам қаза тауып, 1,8 мыңнан астам тұрғын ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Зардап шеккендердің басым бөлігі Саитама (116 адам), Аити (114 адам), Тиба (107 адам) және Осака (103) елді мекендерінде болып отыр. Сенбі күні жалпы 1, 809 мың адам ауруханаға жатқызылған. Жапониядағы бас метеорологиялық агенттіктің ақпараты бойынша, сенбі күні Хигасиоми қаласында ауа райы 38,8 градусқа дейін барған. Ал Обама қаласында 38,7, Киото - 38,3, Тояма мен Ёнаго қалалрында - 38 градус.

Метеорологтар жергілікті тұрғындарға сыртқа көп шықпауға, ауа баптағыш қолдануға және үнемі су ішіп жүруге кеңес береді.