Қатты жел балконда тұрған зейнеткерді ұшырып әкетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты жел 4 қабаттың балконында темекі шегіп тұрған зейнеткерді ұшырып әкетті, деп хабарлайды ТАСС  Сахалиндегі (РФ) Углегор ауданының ТЖ әкімшілігіне сілтеме жасап.

«Егде жастағы әйел балконға темекі тартуға шыққан, қатты жел оны 4 қабаттың балконынан жұлып әкетіп, үй маңындағы омбы қарға құлатқан»,-дейді агенттікке сұхбат берген ТЖ мамандары.

Қардың қалыңдығынан жедел жәрдем көлігі үйдің маңына жақындай алмаған, зейнеткер ауруханаға қар тазалағыш машинаның шөмішімен жеткізілген.

«Жарақат алған зейнеткер ауруханаға жатқызылды»,-деп қосты жергілікті ТЖ маманы.