«Егде жастағы әйел балконға темекі тартуға шыққан, қатты жел оны 4 қабаттың балконынан жұлып әкетіп, үй маңындағы омбы қарға құлатқан»,-дейді агенттікке сұхбат берген ТЖ мамандары.
Қардың қалыңдығынан жедел жәрдем көлігі үйдің маңына жақындай алмаған, зейнеткер ауруханаға қар тазалағыш машинаның шөмішімен жеткізілген.
«Жарақат алған зейнеткер ауруханаға жатқызылды»,-деп қосты жергілікті ТЖ маманы.