Қатты жел Қызылорда облысында шипажайдың шатырын ұшырып әкетті

АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні таңертең болған қатты жел Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Шалқия ауылындағы туберкулезге қарсы шипажай ғимаратының шатырын ұшырып әкетті,

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Жылдамдығы  20 метр/секундқа жеткен   желдің екпіні  шатырдың   330   шаршы метрдей ауданына   зақым келтірді.  Құрбан болғандар  мен   зардап шеккендер жоқ.   Келтірілген   материалдық шығын  анықталуда.