Түс кезінде басталған қатты жел аракідік соғып, көшедегі аялдамалар мен ағаштарды, жарық бағаны мен көрнекі құралдарды қиратқан. Әлеуметтік желіге оқиға орындарынан суреттер мен видеолар тарап үлгерді.
Абай даңғылында жарық бағанасы құласа, Алматы көшесінің ауласында ағаш тамырымен қопарылған. Ал Бажов көшесі мен Жібек маталар комбинаты ауданында жуықта ғана орнатылған аялдамалар аударылып қалды.
Қалада қатты жел тұрып, жылдамдығы 20-25 м\с-қа дейін жететіні туралы бір күн бұрын төтенше жағдайлар департаменті ескерткен болатын. Ертең де облыс көлемінде 15-20 м\с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.