Қазанның 11-де орын алған қатты жел АҚШ-тағы Голливуд жазуына ұқсатып орнатылған «Burabay» жазуының 4 әрпін құлатқан. Бурабай ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша, жазу міндетті түрде қалпына келтіріледі. Әзірге қалпына келтіру жұмыстарын кім және қашан қолға алатыны белгісіз.
Еске сала кетейік, «Burabay» жазуы ағымдағы жылдың шілде айында демеушілер қаражаты есебінен Щучинск қаласының іргесіндегі Бурабай тауына орнатылған болатын. Жазудың биіктігі - 14 метр, ал ұзындығы 60 метрді құрайды. Жазу түнде түрлі түске боянып жанып тұрады.