Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың өткен 12-сі күні Жарма ауданы Солнечный ауылында қатты борап соққан желдің салдарынан электр жеткізуші желілер үзіліп, ол жылыту трассасының қатуына алып келген. Нәтижесінде 4 түзету мекемесі мен көпқабатты 8 тұрғын үй жылусыз қалды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қаңтардың 22-сі кешкі сағат 20.00-ге дейін жылу трассасының 20 метр бөлігі қайта ауыстырылған.
Төтенше жағдайды жоюға барлығы 90-ға жуық адам мен 12 техника, сондай-ақ жылжымалы және стационарлық 9 дәнекерлеу аппараты жұмылдырылды.
Магистраль бүгін, қаңтардың 23-і күні іске қосылады деп күтілуде.