Қатты желдің салдарынан мектеп ғимаратының шатыры зақымданды - Қызылорда

None
АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Қатты желдің салдарынан Қызылорда қаласында мектеп ғимаратының шатыры зақымданды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қаңтардың 6-сы күні оңтүстік-батыстан секундына 20 метр жылдамдықпен соққан қатты жел №178 орта мектеп ғимаратының шатырын жартылай зақымдады», - деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға арнайы қызметтер жұмылдырылды.

Осы желдің екпінінен Қызылордада кеше қазынашылық департаменті ғимаратының шатыры да зардап шекті.