«Қауіпсіз қала» шарасы қолға алынған екі күннің ішінде 15,6 мың жолда жүру ережесін бұзу әрекеті анықталды

None
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігі маусымның 14-нен бастап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз қала» сауықтыру шарасының 2-ші кезеңін бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбековтың айтуынша, акция жүзеге асырыла бастаған уақытта облыс орталықтары мен ірі қалаларда кезекшіліктегі полиция қызметкерлерінің саны артады. «Аталмыш шаралар барысында көлікті мас күйінде жүргізу және жол қауіпсіздігіне байланысты өзге де өрескел ереже бұзу әрекеттері назарға алынады. Аталмыш шара қолға алынған екі күннің ішінде 15,6 мың жолда жүру ережесін бұзу әрекеті анықталды. Олардың арасында 3 мың 712 әрекет жылдамдықты шектен тыс арттыруға, 323 әрекет қарсы бағыттағы жолға шығу, 164-і апатты жағдай тудыруға, 523-і көлікті мас күйінде жүргізуге қатысты болып отыр», деді комитет төрағасы.