Қауіпсіздік Кеңесі Инспекциясының кезекті отырысында әскерилерді баспанамен қамту мәселесіндегі заңдылықтың сақталуы туралы әңгіме болды

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Қозы-Көрпеш .Жаңбыршиннің төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесі Инспекциясының кезекті отырысы болып өтті.

Қарулы Күштерде, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы заңнаманың қадағалануына тексеру жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелері туралы Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов баяндады.

Сонымен қатар, Инспекция мүшелері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелерін де талқыға салды. Бұл бағытта басты назар Мемлекеттік шекараны қорғау мен Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесінің ахуалы мәселелеріне аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапырмалар берілді.