Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Алматыдағы жағдай бойынша шешім қабылданады - Кәрім Мәсімов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік Кеңесінің жедел отырысында Алматыдағы жағдай бойынша шешім қабылданады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Туиттердегі аккаунтында жазды.

«Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің жедел отырысына бара жатырмын. Алматыдағы жағдай бойынша шешім қабылданады», делінген жазбада.
Еске сала кетсек, бүгін белгісіз біреулер Алматының бірнеше ауданында оқ атқан - қазір қалада ҰҚКД ғимараты, Абылайхан көшесі толығымен және Абай даңғылы қоршауға алынды.
Қарулы қақтығыс нәтижесінде 7 полиция қызметкері ауруханаға түсті. Өкінішке қарай, осы атыс салдарынан бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкері қаза тапқаны хабарланып отыр.

Шабуылшылардың бірі дереу құрықталды, екіншісі кейінірек ұсталды. Сондай-ақ Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі белгіленді.