Қауіпсіздік қызметі Татарстанда терактінің алдын алды

Фото: None
МӘСКЕУ. Тасс-ҚазАқпарат – ФҚҚ мен ІІМ Татарстандағы инфрақұрылымдық нысандардың бірінде бола жаздаған терактінің алдын алды. Лаңкестік әрекетті Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының екі мүшесі дайындаған. Күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі РесейдіңІшкі істер министрлігімен бірлесіп, бұған дейін қозғалған тергеу ісінің аясындаТатарстандағы инфрақұрылымдық нысанның бірінде бола жаздаған лаңкестікәрекеттің алдын алды. Қылмыс жоспарланған жерде оны дайындаумен айналысқанРесейдің екі азаматы ұсталды. Олар - Ресей Федерациясында тыйым салынған «Исламмемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері. Күдіктілердің лаңкестікқұрылымдардың құрамына жергілікті тұрғындарды тарту және терроризмдінасихаттауға қатысы бар болып шықты» , -деді ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығы.

ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығының мәліметінше,ұсталған күдіктілерден жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құралдаралынды. Қазіргі таңда қажетті жедел-іздестіру шаралары мен тергеу амалдарыжүргізіліп жатыр.

Жақында бас прокурордың бірінші орынбасарыАлександр Буксман Бас прокуратура алқасының отырысында Ресейдің құқық қорғауоргандары биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 17 лаңкестік әрекеттің алдыналғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар