Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған Қазақстан Президентінің тапсырмалары бірінші кезекте қаржыландырылатын болады», - деді К.Мәсімов ҚР Үкіметінің отырысында.
Осыған байланысты Үкімет басшысы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын белгіленген мерзімде тиянақты жүзеге асырылуын бақылауда ұстап тұруды қамтамасыз ету қажеттігіне де назар аударды. Мемлекет басшысына баяндамас бұрын, ай сайын Үкіметте осы тапсырмалар бойынша аралық есептер тыңдалатын болады. Оның үстіне республикалық бюджеттік комиссияның арнайы отырысы өтіп, онда қауіпсіздік мәселелері мақсаттарына қарастырылатын бюджет жобасы талқыланады.