Қауіпсіздік сертификаты аясында абоненттер мәліметтері жиналмайды - Асқар Жұмағалиев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қауіпсіздік сертификаты аясында абонеттердің жеке деректерін жинау жүзеге асырылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөзмәслихатында «қауіпсіздік сертификатын орнатқаннан кейін жеке тұлғалардыңмәліметтері қандай да бір жерде сақтала ма?» деген сауал қойылды.

Өз кезегіндеА. Жұмағалиев бұл сертификаттың абоненттер телефондарындағы деректерінеқолжетімдігі жоқ екенін атап өтті.

«Адамдардыңжеке мәліметтері ешкімге де берілмейді. Өйткені бұл тұрғыда ешкім де ақпаратжинамайды. Қауіпсіздік сертификаты тек фильтр қызметін ғана атқарады,сәйкесінше, онда ақпарат жинау ескерілмеген», - деп түсіндірді министр.

Бұдан бұрынхабарланғандай, Асқар Жұмағалиев бүгінде интернетте құқыққа қайшы контенткөптеп кездесетінін, сондай-ақ киберлік қатерлер де бар екенін атап өтті.


Осы орайдатиісті қорғанысты қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік сертификаты іске қосылады. Аталған сертификат ресурсты емес,нақты құқыққа қайшы контентті шектейді.

Айтакетейік, министр әр адам смартфонға қауіпсіздік сертификатын өз еркіменорнататынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар