Қауіпсіздік сертификаты құқыққа қайшы контентке қалай тосқауыл болмақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада ұялы байланыс операторларынан абоненттерге қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттігі туралы тараған SMS-терден кейін, бұл тақырып қоғамда қызу талқыға ұласты.

Атап айтқанда,сертификатқа қатысты тұрғындар, мамандар түрлі пікірлерін айтып үлгерді. Осыорайда бұл салаға жауапты министрлік өкілдері де түсініктеме беруге тырысыпжатты.

ҚР Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов бұлқанатқақты жоба Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асырылып жатқанын нақтылады.

«Бұл сертификатазаматтардың телефондарындағы жеке мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді.Өздеріңіз білесіздер, интернеттің дамуымен қатар, киберк құқық бұзушылықтар дажаңа деңгейге шығып отыр. Осы орайда, жеке компьютерден, телефоннан жекедеректерді ұрлау жағдайлары орын алады», - деді вице-министр.

Оның сөзінеқарағанда, заңнама аясында сертификат бойынша норма 2015 жылы қабылданды. Ондаинтернетке шығу мүмкіндігін беретін провайдерлер құрылғы иелерінеқауіпсіздіктің техникалық сертификатын орнату жағдайын ұсынуы тиіс.

«Бүгінде олар бұлнорманы іске асырып жатыр. Қанатқақты жоба аясында олар бұл жұмыстар елордадақалай жүргізіліп жатқанын зерделеуде. Оны әр адам өз еркі бойынша орнатады.Мәселен, маған бұл сертификат бойынша SMS келмеді. Ал келген бойда оны өзімежәне балаларымның құрылғыларына орнатамын. Қауіпсіздік сертификаты арқылыбалалар қауіпті ресурстарға өте алмайды, сәйкесінше, жеке мәліметтерді қорғауғамүмкіндік жасалады», - деп түсіндірді А. Оспанов.

Жалпы, бұл SMS-тер Нұр-Сұлтан қаласындағы ұялы байланысабоненттеріне келе бастаған болатын. Сәйкесінше, аталмыш сертификатты Kcell,Activ, Tele2, ALTEL, Beeline ұялы байланысын қолданушылары да орнату қажет.

Бұл аптаның басында ҚРЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевұялы байланыс операторларынан абоненттерге қауіпсіздік сертификатын орнатухабарламасына қатысты пікір білдірді.

«Балаларға интернеттеэкстремистік, лаңкестік сипаттағы және басқа да теріс мәндегі материалдардыкөру пайдалы ма?! Қауіпсіздік сертификаты осы мәселелерді шешетін болады.Аталған сертификатты орнатуды әр адам ерікті негізде жүргізеді. Егер де жақындарыңызға,балаларға алаңдасаңыз, қауіпсіздік сертификатын орнатасыз, ал егер қажет емесдеп санасаңыз, онда орнатпауға еріктісіз. Сертификаттың тағы бір пайдалы жағы –ол ақпараттық қауіпсіздікке қатысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.Өйткені сайттардың жұмысына кедергі келтіретін әрекеттер болып жатады», - дедіминистр.

Сонымен қатар олҚазақстан халқының жеке мәліметтерін қорғау заңнамамен кепілдік берілгенін атапөтті.

Арада бірнеше күнөткеннен кейін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында АсқарЖұмағалиев смартфонына қауіпсіздік сертификатын орнатқанын көрсетті. Осы орайдаол тиісті SMS келгеннен кейін, ешбір қиындықсыз сертификатты орнатқанын тілгетиек етті.

«Бүгінде интернеттеқұқыққа қайшы контент көптеп кездеседі, сондай-ақ кибер қатерлер де бар. Осыорайда тиісті қорғанысты қамтамасыз ету үшін аталған қауіпсіздік сертификатыіске қосылады» - деді ведомство басшысы.

Оның атап өтуінше,мемлекеттік қызметшілер осы сертификатты бір жарым жылдан бері пайдаланыпкеледі. Тек соңғы айда аталған сертификат 8 миллионнан астам вирустықбелсенділіктің фактілерін анықтауға, меморгандар мен мемлекеттік қызметшілержұмысына қарсы бағытталған 130 мың кибер шабуылдан қорғауға мүмкіндік берді.

Мұнымен қоса, А.Жұмағалиев қауіпсіздік сертификатын орнатпаған адамдарда интернетке қолжетімділіктіңнашарлағаны туралы сұрақтарға түсінік берді.

«Байланыс сапасынатоқталсақ, қауіпсіздік сертификатына байланысты жабдықтарды ретке келтірубойынша жұмыстар басталысымен, желіге қолжетімділік бойынша қандай да бірпроблемалар болуы мүмкін деген тиісті ақпарат жарияланды. Алайда бұл мәселеуақытша сипатқа ие. Қазіргі кезде бұл сертификатты орнаттым және мендебайланыспен проблема жоқ», - деді ведомство басшысы.

Осы орайда министрқандай да бір сауалдар туындаса, онда Мемлекеттік техникалық қызметке хабарласукеректігін түсіндірді.

«Тиісті сауалдарболса, аталған қызметке хабарласу керек, сәйкесінше барлық мәселелер шешімінтабады деген ойдамын. Тиісті проблемалар болса, Мемлекеттік техникалық қызметқажетті көмектерін жасайды, сондай-ақ байланыс операторлары да өздерініңкөмектерін іске асырады», - деді Асқар Жұмағалиев.

Өз кезегінде ҚРАқпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова министрлік заңғақайшы мазмұндағы материалдарды анықтау тұрғысында интернет пен әлеуметтікжелілерге тұрақты мониторинг жүргізетінін атап өтті. Бұл ретте бірінші кезектелаңкестікті, діни экстремизмді насихаттау, суицидке шақыратын материалдардытарату, есірткі мен қару сататын сайттар және әлеуметтік желілердегі парақшаларсекілді заңға қайшы материалдар көптеп кездесетіні анықталып отыр.

«Егер 2016 жылы 140мың құқыққа қайшы материал анықталса, 2017 жылы – 300 мыңнан астам, ал өткен жылы- 130 мың осындай материал тіркелді. Яғни, 2018 жылы бұл көрсеткіш төмендеді.2019 жылы 45 мыңнан астам теріс сипаттағы материал анықталды. Анықталған заңсызматериалдың 90 пайызға жуығы - лаңкестікті насихаттауға арналған. Қалғандарыесірткі тарату, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, суицидті және порнографиянынасихаттауға байланысты болып тұр», - деді ол.

НұргүлМауберлинованың айтуынша, қауіпсіздік сертификаты нақты заңға қайшы контенттішектеуге мүмкіндік береді.

Айтпақшы, министрАсқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификаты аясында абонеттердің жеке деректерінжинау жүзеге асырылмайтынын атап өтті. Баспасөзмәслихатында «қауіпсіздік сертификатын орнатқаннан кейін жеке тұлғалардыңмәліметтері қандай да бір жерде сақтала ма?» деген сауал қойылды.

Өз кезегінде А.Жұмағалиев бұл сертификаттың абоненттер телефондарындағы деректерге қолжетімді емесекенін атап өтті.

«Адамдардың жекемәліметтері ешкімге де берілмейді. Өйткені бұл тұрғыда ешкім де ақпаратжинамайды. Қауіпсіздік сертификаты тек фильтр қызметін ғана атқарады,сәйкесінше, онда ақпарат жинау ескерілмеген», - деп түсіндірді министр.

Соңғы жаңалықтар