Қауіпсіздік шараларын тексермек болған сенатор парламент ғимаратына жарылғыш зат алып кірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның либералдық партиясының сенаторы Билл Хеффернан парламент комитеттерінің бірінің ғимаратына қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсас затты білдірмей алып кірген.

«Sidney Morning Herald» жазғандай, осы әрекеті арқылы парламентші биліктің австралиялық парламентарийлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдап отырған шараларының жеткіліксіздігіне наразылығын білдірмек болған. Айта кетейік, Австралия парламентінің сервистік қызмет департаменті жақында елдің басты заң шығарушы органының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізген болатын. Онда арнайы электронды карточкалары бар парламентшілерді ғимаратқа кіргенде металл іздеуішпен және инфрақызыл тінту құралдарымен тексеруден босату көзделген. Бұл шешімді австралиялық билік өкілдері қауіпсіздік шараларына жұмсалатын шығындарды азайту және қызметкерлердің парламент ғимаратына кіруін жылдамдату мақсатында қабылдаған еді.