ҚР ТЖМ мәліметтеріне қарағанда, осының нәтижесінде техникалық қауіпсіздік ережесі мен талаптардың орындалмауына байланысты 17 439 бұзушылықтар анықталды. Осы орайда 928 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылып, 25 млн. теңге көлемінде кәсіпорындардың 631 басшысына айыппұл санкциялары салынды.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петровтың сөзіне қарағанда, 9559 тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысанның өртке қарсы жағдайы тексерілді. Өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін 7160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6711 лауазымды тұлғаға 76 млн. теңге сомаға айыппұл салынды.