Қауіпсіздік жүйесі саласындағы «Алтын дабыл» сыйлығы өз иелерін тапты

АНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін елордада қауіпсіздік жүйесі саласындағы «Алтын дабыл» сыйлығын табыстау рәсімі өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыйлық Астанада тамыздың 25-і басталған «Қауіпсіздік. Дабыл жүйесі. Күзет» халықаралық көрмесі аясында беріліп отыр. Еске сала кетейік, бұл көрмеге Қазақстан, Франция, Эстония, Малайзия, Ресей елдерінен қауіпсіздік жүйелерін шығарушы және таратушы компаниялары қатысқан болатын.

Көрме ең үздік дабылқаққыш құрылғылар шығарушы, үздік мониторингтік компания, үздік күзет құрал-жабдықтары, үздік өрт қауіпсіздігінің жүйелері сияқты аталымдар бойынша мықтыларды анықтады.

Қазақстан компаниялары ішінде «INTANT IT», «Казспецоснащение» және «Эгида групп» компаниялары ерекше көзге түсті.