«2016 жылы уәкілетті органдар азаматтар тарапынан қауіпті заттар туралы 426 хабарлама қабылдады. Соның ішінде, 130 хабарлама 2016 жылдың 6 маусымына дейін, яғни, террорлық қауіптің «сары деңгейі» енбей тұрғанда, ал, 296 хабарлама «сары деңгей» енгізілгеннен кейін қабылданған»,-деп хабарланған Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми жолданған сауалға жауабында.
Жалпы, 2016 жылы қауіпсіздікті сақтау қызметтері террорлық акт туралы 157 құпия қоңырау қабылдаған екен. Оның ішінде, 95 қоңырау 6 маусым мен 31 желтоқсан аралығында қабылданған ақпараттар.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 16 қаңарынан бастап Қазақстанда террорлық қауіптің «сары деңгейі» жабылды.
2016 жылдың 6 маусымында Ақтөбе қаласында орын алған террорлық актіден кейін Қазақстан Республикасының аумағында террорлық қауіптің «сары деңгейі» енгізілген болатын.