Қауіпсіз Қазақстан: қоғам тыныштығы қалай күзетіледі

Фото: Алматы қаласы ПД

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін — полиция күні. Азаматтардың қауіпсіздігін күзеткен жандардың еңбегі ерен. Kazinform агенттігі тәртіп сақшыларының күнделікті қызметіне шолу жасаған еді. 

Алдымен заман билігі, яғни интернет қауіпсіздігі. 

Ішкі істер министрлігі ескертеді, жеке мәліметті жариялама! Аты-жөн, мекенжай, мектеп пен телефон нөмір — жеке ақпарат. Оны айтуға немесе сайтта жариялауға болмайды.

— Бейтаныс жанмен сөйлеспе. Танымайтын жанмен интернетте араласуға болмайды;
— Күдікті сілтеме мен файлдан аулақ бол. Алдымен ата-анаңнан сұра (18 жасқа дейін);
— Ата-ананың рұқсатынсыз әлеуметтік желіде видео жүктеме;
— Қорқынышты немесе түсініксіз жағдайда ересек жанға жария етпе. Ата-ана, мұғалім, полиция әрқашан көмектесуге дайын екенін ұмытпа.

Отанды қорғау — аманат

Тәртіп сақшыларының қызметтік міндеті — отбасы тірегі, полиция капитаны. Ержан Ахметовтің қызметінен бастауды жөн көрдік. Ол қауіпсіздікті қорғай отырып, тәртіп тыныштықты сақтап, қауіп-қатер жолында өмірін сарп етті. Ержүрек офицердің ерлігі мен замандасы регінде мәңгі сақталып қалды. Капитан Ахметовтің ісін бүгінде оның ұлы — полиция лейтенанты Азамат Боранбаев жалғастырып келеді. Әке жолын жалғаған жас офицер ерлік мамандығын жүрек қалауымен таңдаған. Тәртіп сақшысы күн сайын қызметке шығып, қоғамдық тәртіпті күзетіп, құқық бұзушылықпен күресіп, халыққа адал қызмет етіп жатыр.

Темір тәртіп, тағдыр тізгіні: мас жүргізуші туралы әлеуметтік бейнеролик

Ішкі істер министрлігінің арнайы түсірілімі Абай облыстық полиция департаментінің арнайы қабылдау мекемесінде өтті. Бейнероликтің негізгі кейіпкері — көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған ер адам. Әлеуметтік бейнероликтің мақсаты — азаматтарды мас күйде көлік тізгіндеуден аулақ болуға шақыру.

Жыл басынан бері Абай облысында мас күйінде көлік жүргізудің 287-ден астам дерегі тіркелген. 17 қылмыстық іс қозғалды, 7 адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Тәртіп сақшылары мас күйінде көлікке отырмауға, жолда барынша сақ болуға шақырады. 

Ішкі істер министрлігі ескертеді 

Ата-ана жіберетін ауыр зардапқа әкелуі мүмкін бес қателік.

Баланы қараусыз қалдыру ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда туындайтын басты қауіп, яғни жол-көлік апаты, келесі баланың терезеден құлап кетуі және суға бату қаупі. 

Фото: Рolisia.kz

Статистика 

— Жыл басынан бері баланың терезеден құлауына байланысты 50 факті тіркелді, оның төртеуі өліммен аяқталған. Көлік қағу салдарынан 22 бала көз жұмып, 1 386-сы жарақат алған. Одан бөлек, 10 бала суға батып кеткен. Баланың кіммен араласатынын қадағаламау оның теріс ортаға түсуіне себеп болуы мүмкін.

Айталық, ата-ананың немқұрайлығы жасөспірімнің күмәнді жанмен уақыт өткізуіне, құқықбұзушылық жасап, психоактивті заттарды қолданып, девиантты мінез-құлықты көрсетуіне дейін жеткізуі әбден ықтимал. Одан бөлек, отбасындағы қолайсыз психологиялық ахуал мен ата-ананың теріс мінез-құлқы да баланың қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Әдетте үйдегі ұрыс-керіс пен зорлық-зомбылық кәмелетке толмаған жасөспірімнің бойында сенімсіздік, тұрақсыздық тудырып, ынжық және жасық мінез-құлықтың қалыптасуына себеп болады. Сонымен қатар интернет пен гаджет қолжетімдігі қауіпті. Ата-ана баласының телефонды немесе планшетті қалай пайдаланатынын бақыламаса, баланың түрлі интернет торға түсуі, зорлық-зомбылықты насихаттайтын тыйым салынған контентті көруі және күмәнді адамдармен байланыс орнатуы мүмкін. Мұндай жағдайда балаларға қатысты кибербуллинг пен зорлық-зомбылық болуы әбден мүмкін.

Фото: freepik.com

Аса маңызды 

Тәрбие функциясын ұмыту және жеке үлгі маңызын елемеу — ата-ананың үлкен қателігі. Кейбір ата-ана балаларды мұғалімдер тәрбиелеуі тиіс деп есептейді немесе баланың ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өзі түсінеді деп қате ойлайды. Бұл — моральдық-этикалық құндылықтың бұзылуына және девиантты мінез-құлықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін. 

Тазалық — тәртіп

Іс-шараға 7 мыңнан астам полицей қызметкері жұмылдырылды. Атап айтқанда, 1100-ден астам мобильді топ жұмыс істейді. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық және 1074 заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері (2024 жыл, сәуір) 1802 стихиялық қоқыс орны анықталды. Оның ішінде 441 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдарға бұзушылықтарды жою туралы 1268 ұйғарым жолданып, олар бойынша 1041 қоқыс үйіндісі жойылды. 

Фото: Алтынай Сағындықова /Kazinform

Туристер қауіпсіздігі — қонақжайлық

Қазақстан — шетелдік туристер үшін қауіпсіз ел. Ішкі істер министрі Ержан Саденов елімізге келетін шетелдік туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасып жатқанын айтты.

Атап айтсақ, шетел азаматтары полиция бөліміне барып тіркелуден босатылды. Қабылдаушы тарап шетел азаматының келгені туралы онлайн-режимде хабарлай алады. Ірі қала әуежайларында қауіпсіздік шарасы туралы туристерді хабардар ету үшін QR-код бар, ол арқылы SafeTravel.kz электронды порталына өтуге болады. Ол жерде туристерге қажетті бірнеше тілде ақпарат бар. Атап айтсақ, SafeTravel.kz порталында, полициямен жедел байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымша, «SOS» батырмасы, сонымен қатар көші-қон жадынамасы қарастырылған. Одан бөлек, ⁠қала картасы және танымал қосымшалар сілтемесі, ⁠такси және онлайн қызмет тізімі, ұялы байланыс операторының ресми сайты, ⁠төтенше жағдай, жедел жәрдем, өрт сөндіру және құтқару қызметі бар.

Фото: safetravel.kz

Мысалы, Шығыс Қазақстанның ғажайып табиғатын көруге арнайы келген Австрия азаматы Катон-Қарағай өңіріне атбасын бұрды. Алайда бейтаныс аймақтың нақты бағытын білмеген ол жергілікті учаскелік инспектор Аян Нұриевтен көмек сұраған.

Полиция қызметкері туристке бағыт-бағдар көрсетіп қана қоймай, ел ережесі мен қауіпсіздік талаптарын да жан-жақты түсіндіріп берді.

— Ол маған шынымен көмектесті. Ең көрікті, көз тоймас табиғи жерлерге қалай жетуге болатынын, қайда тоқтап, қай тұстан қараған әдемі екенін егжей-тегжейлі айтып берді, — дейді шетелдік мейман.

Жыл басынан бері мыңдаған құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 828 сату фактісі бар.

Заңсыз айналымнан шамамен 3,5 тонна есірткі тәркіленді, яғни 259 кг синтетика, 2 тоннаға жуық марихуана, 303 кг гашиш және 83 есірткі зертханасы жойылды. Атап айтсақ, 6 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Сонымен қатар, заңсыз контенті бар 11 мыңнан астам сайт, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам сомаға 12 мың банк картасы мен шот бұғатталды. Одан бөлек 1783 адам ұсталды, оның 669-ы қамауға алынды.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары ел арасында 1 265 профилактикалық іс-шара өткізді. Оның қатарында дәріс, әңгімелесу, спорттық жарыстар және сауалнама бар. Аталған іс-шараға 987 әскери бөлім мен бөліністе 30 мыңнан астам әскери қызметші қатысты.

Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес 

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топ қызметін әшкерелеу және тоқтату жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жыл басынан бері қылмыстық құрылым басшылары мен қатысушыларға қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды.

Елімізде криминалитет өкілдеріне қатысты трансұлттық қылмыстық қауымдастық құру және оған басшылық ету фактісі бойынша алғаш сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған істер бойынша қылмыстық қудалау аясында тек ел ішінде ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдар бар. Осы орайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, дәлел жинау бойынша кешенді іс-шара жүріп жатыр. Жалпы 150-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.

Полиция & жасанды интеллект 

Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні жедел дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ішкі істер министрлігі тергеушінің интерактивті көмекшісі жобасын іске қосты.

 Жобаның мақсаты — қылмыстық істі тергеу сапасын арттырып, жеделдету. Жасанды интеллект сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесіне біріктірілген және тергеушінің күнделікті жұмысын автоматтандыруға көмектеседі.

Жүйенің мүмкіндіктеріне келсек, дауысты мәтінге айналдырады, бірнеше адам берген жауапты салыстырып, қарама-қайшылықты анықтайды, жауап алу үшін нақтылайтын сұрақтар ұсынады, процессуалдық құжатты автоматты түрде реттейді. 

ЖИ көмекшінің қызметі 4 негізгі модульден тұрады:

— тергеуді жоспарлау;
— жауапты өңдеу;
— құжатты дайындап, талдау;
— болжам жасау.

— Жоба — тергеу уақытын қысқартып, тергеушілерді техникалық жүктемеден босатуға мүмкіндік береді. 19 маусымнан бастап жүйе пилоттық режимде Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы базасында іске қосылды. Алдағы аптада Қосшы қалалық полиция бөлімінде іске қосу жоспарланып отыр, — дейді министрліктен.

Алаяқтар қазақша сөйлей бастады: 

— жасанды интеллект арқылы жасалатын айла-тәсіл;

— Соңғы уақытта алаяқтар заманауи технологияны, оның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен пайдаланып жүр. Олар банк, құқық қорғау органдары немесе туыстарыңыздың атынан хабарласып, шынайы адамның дауысын дәл салып, сеніміңізге кіруге тырысады. Тіпті Deepfake технологиясын қолдана отырып, танымал тұлғаның немесе жақын жандарыңыздың бейнесін шынайы етіп жасап, бейнеқоңырау шалу арқылы алдауға дейін барады. Мұндай әдістерді қолдану — адам психологиясына әсер етіп, тез шешім қабылдауға мәжбүрлейді, — деп ескертеді полиция.

Осы орайда, күмән тудыратын хабарлама мен қоңырауға мұқият болу керек.