NHTSA-ға қауіпсіздік белдігін бекіту құрылғысының абайсызда өздігінен жұмыс істеп кетуі туралы шағымдар келіп түскен. Қатты дыбыс шығарғаннан кейін белдік тез тартылып қала берген.
Кері қайтарылған көліктер арасында 2019-2020 жылдары шығарылған Ford Expedition және Lincoln Navigator үлгілері бар.
NHTSA мәліметтері бойынша, тарту күшінің жоғалуы мен электр жүйесінің істен шығуына байланысты 456 000-нан астам Ford көліктеріне қатысты тергеу басталған. Тергеу барысында 2021-2024 жылдары шығарылған Ford Bronco Sport кроссоверлері мен Maverick пикаптары зерттеледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін шетелден әкелінген жүк көліктері тексерілетінін хабарлаған едік.