Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 16 қарашада хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізгенін жазғанбыз.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 16 қарашада Марат Ирменовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындалғанын хабарлаған едік.