Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Мұрат Баймұқашев

Талдықорған және Ақмола облыстарының Ішкі істер басқармасы Мемлекеттік автоинспекциясының инспекторы, мемлекеттікавтоинспекторы, аға инспекторы (06.1994-12.1997)

ҚР ІІМ Жол полициясы департаментінің инспекторы, аға инспекторы, бөлімше, бөлім бастығы (12.1997-05.2006)

ҚР ІІМ Штаб департаменті бастығының орынбасары (05.2006-08.2007)

ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы (08.2007-04.2009)

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (04.2009-08.2009)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (08.2009-02.2012)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң шығару, қорғаныс және құқық қорғау бөлімі бастығының орынбасары (03.2012-01.2013)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық қорғау бөлімінің бастығы (09.2013-04.2019)

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (10.04.2019-02.2020)

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (03.2020-07.2021)

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары (22.07.2021-20.05.2022)

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары (20.05.2022-01.09.2023)

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары (01.09.2023 бастап)

Білімі

Қазақ ауылшаруашылық институты (1994)

Инженер-механик

ҚР ІІМ Қарағанды заң институты (1998)

Заңгер-құқықтанушы

Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (Магистратура) (2015)

Марапаттары

«Курмет» ордені (2013)

«Айбын» ордені (2020)