Гутериштің айтуынша, қазіргі жағдай тез арада бақылаудан шығып, аймақ тұрғындарына, бейбіт халыққа және бүкіл әлемге ауыр салдары болуы мүмкін.
— Мемлекеттер БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес өз міндеттемелерін сақтауы тиіс. Дағдарысты бәсеңдету — ең басты міндет. Бұл жағдайдың әскери шешімі жоқ. Алға апарар жалғыз жол – дипломатия. Жалған емес, жалғыз үміт – бейбітшілік, – деді Бас хатшы.
Сондай-ақ, ол «хаос спиралін болдырмауға» шақырды.
Еске сала кетейік, АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасап, Трамп операцияны сәтті деп атаған болатын.
Артынша Дональд Трамп АҚШ Иранның уран байыту нысандарын толықтай жойғанын мәлімдеп, халыққа үндеу жасады.