Бұл туралы сәрсенбі күні «Грузия арманы» саяси кеңесінің брифингінде белгілі болды.
Президенттікке кандидатты партияның құрметті төрағасы Бидзина Иванишвили таныстырды.
Оның айтуынша, соңғы бірнеше жылда М.Кавелашвили Грузияның ұлттық мүдделерін қорғауға және елдің егемендігін нығайтуға зор үлес қосты.
Жаңа президент сайлауы 14 желтоқсанда өтеді. Конституциямен анықталған жаңа сайлау тәртібіне сәйкес, Грузия президенті енді тікелей жалпыға бірдей сайлау құқығымен сайланбайды.
Жаңа президентті алғаш рет 300 адамнан тұратын алқа: жаңа парламенттің 150 депутаты және өңірлерден 150 делегат сайлайды.
2018 жылы Саломе Зурабишвили жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланған Грузияның бесінші және соңғы президенті болды. Оның өкілеттігі 16 желтоқсанда аяқталады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Грузиядағы президент сайлауы 14 желтоқсанға белгіленгені мәлім болды.