Қай дәрумен қандай тағамда болады?

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағзамызға С дәрумені жетіспейді, РР дәрумені жетіспейді деген сөздерді жиі естиміз. Ал жеткіліксіз дәруменді толықтыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін білеміз бе? Білмесек, оқиық, деп жазады massaget.kz.

А дәрумені - сәбіз, цитрусты өсімдіктер, кілегей майы, сыр, жұмыртқа.

В1 - жаңғақ, сұлы (овес).

В2 - соя бұршағы, брокколи орамжапырағы, жұмыртқа сарысы, сыр.

В5 - бұршақ, күріш, саңырауқұлақ, бауыр, ет өнімдері.

В6 - жұмыртқа, балық, бауыр, сүт.

В9 - апельсин, банан, ет, жұмыртқа, жаңғақ.

В12 - теңіз тағамдары, уылдырық, бауыр, сүт, сүзбе, балық, ет, жұмыртқа, сыр.

D - сүт, жұмыртқа, балықтың майлы сорттары, нәлім балығының бауыры.

Е - күнбағыс майы, зәйтүн майы, бұршақ.

К - көк шөптер, түрлі түсті орамжапырақ, бидай жармасы, саумалдық (шпинат).

Н - бауыр, жұмыртқа ақуызы.

РР - бауыр, балық, сүт, жасыл көкөністер, дрожь, ет, тауық еті, сыр, жаңғақ.

Байқағанымыздай, ет, сыр, жұмыртқа, бауыр тағамдары дәруменге бай екен. Тамақты талғап, денсаулыққа пайдалысын жейік.