Қай елдер Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруды ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Беларусь бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қажет болса Ресей президенті Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Александр Лукашенко Наталья Эйсмонт мәлімдеді.
— Беларусь делдал рөлін сұраған жоқ және сұрап жатқан жоқ, бірақ біздің бауырлас республикамызда тыныштық үшін қажет болса, біз кез келген кездесуді ұйымдастыруға дайынбыз. Барлығын жоғары деңгейде өткіземіз. Бірақ Беларусь президенті бұл тақырыпты америкалық әріптесімен талқылаған жоқ, — деді ол.
Бұған дейін де осындай бастамаларды бірқатар елдер айтқан болатын. Зеленский мен Путиннің кездесуін өткізуді Швейцария, Италия, Аустрия және Мажарстан ұсынды.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің мәлімдеуінше, АҚШ қазір Ресей және Украинамен Путин мен Зеленскийдің ықтимал кездесуін өткізу орнының нұсқаларын талқылап жатыр.
— Қазір біздің ұлттық қауіпсіздік тобы екі тараппен де талқылап жатқан түрлі нұсқалар бар, — деді ол тілшілерге арналған кезекті брифингте.
Ливитт сонымен қатар Путин мен Зеленскийдің кездесуін дайындауға вице-президент Джей Ди Вэнс, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және Америка көшбасшысының арнайы өкілі Стивен Уиткофф жауапты болатынын айтты.
— Президент Трамп президент Путинмен телефон арқылы сөйлесті және ол бейбіт процестің келесі кезеңіне — президент Зеленскиймен кездесуді ұйымдастыруға, қажет болған жағдайда президенттер Путин, Зеленский және Трамптың үшжақты кездесуін ұйымдастыруға келісті, — деді ол.
18 тамызда Дональд Трамп Вашингтонда Владимир Зеленский және еуропалық көшбасшылармен кездесті. Кейін Ақ үй басшысы Владимир Путинге телефон соқты.
Келіссөзден кейін Трамп Ресей мен Украина президенттерінің кездесуін жариялады.
Трамп, Зеленский мен Еуропа көшбасшыларының Ақ үйдегі кездесуі қалай өткенін мына материалдан оқи аласыз.