Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында банк басшысына БАҚ өкілінен «қай облыста зейнетақы жинағының бір бөлігін алу өтінімдері көбірек мақұлданды?» деп сұрақ қойылды.
«Алматы - өтінімдерді мақұлдау жағынан және зейнетақы жинақтары бойынша абсолютті көшбасшы», - деді Ләззат Ибрагимова.
Айта кетсек, бұған дейін «Отбасы банк» АҚ басшысы зейнетақы жинағы ең көп 4 өңірді атаған болатын.
«658 млрд теңге! Алматы қаласындағы салымшылар (зейнетақының бір бөлігін пайдалана алатын азаматтардың жалпы жинағы) жинаған зейнетақы қоры осындай. Екінші орында – Маңғыстау облысы. Ол өңірдің халқының зейнетақы қорындағы жалпы жинағы 397 млрд теңге. Үшінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы. Елордада бағдарламаға қатыса алатын азаматтардың жалпы зейнетақы жинағы 325,9 млрд теңге (13,3 пайыз). Төртінші орында – Атырау облысы (257,4 млрд теңге) – 10,4 пайыз. Осы төрт өңірдің халқы зейнетақы жинағын пайдалана алатын азаматтардың 70 пайыздан астамын құрап отыр», - деген еді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.