«Негізінен, медицина қызметкерлеріне тапшылық Атырау мен Маңғыстау облысында байқалды. Кеше ғана сондағы әріптестермен тілдестік. Қазіргі уақытта оларға дәрігерлерді жіберу мәселесі шешіліп жатыр», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, кадр жетіспеушілігі мәселесі министрліктің бақылауында тұр.
«Сөзсіз, жаңадан жұмысқа келген медицина маманы нұсқаулықтан өтеді. Қазіргі уақытта кадрлардың мәселесін шешу үшін колледждер ресурстарын, медициналық ЖОО-лардың профессорлық және оқыту құрамын, волонтерлерді жұмылдыруды көздеп отырмыз», - деді ол.