«Биыл 6 айда бірінші сатыдағы соттардың қарауына 289 500 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға артық. 199 692 өтініш бойынша іс қозғалды. Бұл былтырмен салыстырғанда 33,9%-ға көп. Қанағаттандырылған талап арыздар – 117 985, бас тартылған арыздар – 15 006», - делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұсынған деректерде.
Ең көп өтініш Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Қарағанды және Алматы облыстарының соттарына түскен. Нақты тоқталсақ:
- Астана – 22 545 өтініш;
- Алматы - 69 254 өтініш;
- Шымкент - 14 318 өтініш;
- Абай облысы - 7 692 өтініш;
- Ақмола облысы - 8 777 өтініш;
- Ақтөбе облысы - 11 363 өтініш;
- Алматы облысы - 16 994 өтініш;
- Атырау облысы - 9 133 өтініш;
- Шығыс Қазақстан облысы - 10 510 өтініш;
- Жамбыл облысы - 12 163 өтініш;
- Жетісу облысы - 7 825 өтініш;
- Батыс Қазақстан облысы - 9 902 өтініш;
- Қарағанды облысы - 20 532 өтініш;
- Қостанай облысы - 11 882 өтініш;
- Қызылорда облысы - 10 299 өтініш;
- Маңғыстау облысы - 9 401 өтініш;
- Павлодар облысы - 12 712 өтініш;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 6 352 өтініш;
- Түркістан облысы - 13 785 өтініш;
- Ұлытау облысы - 3 126 өтініш.
«Сот еліміздің келесі өңірлерінде түскен өтініштерден бас тартты: Алматы (3 358), Астана (2 210) қалаларында, Қарағанды (993), Қостанай (739) және Ақтөбе (689) облыстары», - делінген ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай берілген комитет жауабында.