Қай салаларда қосымша жұмыс істегісі келетіндерге бос орындар бар
Бүгінгі таңда, hh.kz сайтының мәліметінше Қазақстанда негізгі жұмыспен ұштастыруға болатын 3,5 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылған.
Бұл кешке немесе демалыс күндері жасалатын уақытша немесе бір реттік жұмыс болуы мүмкін.
Бос жұмыс орындарының басым бөлігі (49%) Алматыға, 25% Астанаға тиесілі. Айта кету керек, жұмыс орындарының 6% мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді.
Негізінен қосымша жұмысты жеке білім мекемелері, бөлшек сауда және IT компаниялар ұсынады.
Ең бастысы, бұл жұмыс берушілер біліктілікке жоғары талап қоймайды.
Жаңа жылға дейін қосымша табыс табудың ең үлкен мүмкіндігі мұғалімдер мен оқытушыларда – 365 ұсыныс.
Екінші орында call-орталық операторлары (281 ұсыныс), одан кейін сату жөніндегі менеджерлер (275 ұсыныс) және сату жөніндегі кеңесшілер (180 ұсыныс).
Сату менеджері, жеке жүргізуші, бағдарламашы, әзірлеушілер мен жылжымайтын мүлік агентіне қосымша жұмыс үшін 800 мың теңгеден артық жалақы төлеуге дайын.
Жаңа жыл алдындағы ең жоғары қосымша табыс 2 жылдан аса тәжірибесі бар iOS мобильді қосымшасын әзірлеушіге ұсынылады - 1 125 000 теңге.