Ауылға полиция қызметкерлері келіп, Шаханда ұрлық-қарлықтың, бұзақылық пен тонаушылықтың алдын алу мақсатында 20 бейне бақылау орнатылатындығы жайлы хабарды айтып, тұрғындарды қуантты.
«Бейнебақылау орнату шешімі Шахан тұрғындарының ауылдағы ұрлық-қарлық оқиғаларының жиілеп келе жатқандығына алаңдаушылық білдіргенінен кейін қабылданды. Ауыл тұрғындары бұл мәселе жайлы жергілікті полиция қызметіне баяндаған», - дейді полицияның баспасөз қызметі.
Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Нұрлан Рахымбековтың мәлімдеуінше, 20 бейне бақылау бюджет қаражатына сатылып алынып, орнатылады.