Полицейлерге оқ атқан адамның аты-жөні Гэвин Лонг деген екен. Кезінде ол Ирактағы АҚШ әскерінің құрамында қызмет етіпті. Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Гэвин Лонгті полицейлер атып өлтірген. Оның мұндай әрекетке баруы кемсітушілікке байланысты болса керек. Луизиана штатының губернаторы Джон Эдвардс бұл қайғылы оқиғаны қалың көпшілік «бірлік пен айығуға мұқтаж» болып тұрған кезде «айтып жеткізгісіз және ақтауға болмайтын» деп атады. Бүгінде АҚШ-та Далласта полицияның екі қара нәсілді азаматты атып өлтіргеннен кейін және қара нәсілді тұрғындар бес полицейді өлтірген соң елдегі жағдай шиеленісіп кетті. Қалаларда наразылық акциясына шығу әрекеттері басылмай тұр.
07:10, 20 Шілде 2016
Қайғылы оқиғаға кемсітушілік себеп болғандай
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Луизиана штатындағы Батон-Руж қаласында үш полиция қызметкері оққа ұшты және үш полицей жараланды. Полицейлер оқиға болған жерге жедел жеткен.