Қайырымдылық қорлары БАҚ-та есеп жариялауға міндеттеледі

Коллаж: DALL-E/pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда қайырымдылық ұйымдарының қызметіне қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлім етті.

– Қайырымдылық туралы заңға бірнеше бағыт бойынша өзгерістер енгізіледі. Біріншіден, азаматтарды қайырымдылық көмек көрсетуге ынталандыру көзделіп отыр. Екінші мәселе, жариялылық пен есептілік қамтамасыз ету. Барлық қайырымдылық ұйымы есебін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті болады, - деді Қанат Ысқақов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде тиісті өзгерістерді әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.

Еске салсақ, өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қайырымдылық көмек механизмдерін жетілдіру қажеттігін айтқан еді. 

Сондай-ақ қайырымдылық қоры басқару шығынын қалай есептеуі керектігі туралы жазған едік.