Қайрат Әбдірахманов Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай ұйымдарының басшысын қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қоғам федерациясының президенті Франческо Роккамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Халықаралық федерацияның әлемдегі төтенше жағдайлар мен қақтығыстардың салдарының алдын алу, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары бойынша жергілікті тұрғындарға қолдау көрсетуі жөніндегі қызметін талқылады.

Қ. Әбдірахманов сенімділік үшін алғыс айта отырып, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қоғам федерациясының 10-шы Еуропалық Конференциясын 2018 жылғы 2-3 мамырда Алматыда өткізу жөнінде бастамасын қодайтынын білдірді.

Қазақстан Федерациямен, екіжақты деңгейде де, басқа халықаралық алаңдарда да, соның ішінде Президент Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын іске асыру шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға әзір екенін атап өтті.

Ф. Рокка өз тарапынан маңызды Конференцияны Қазақстанда ұйымдастыруға және өткізуге көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

Бұдан бөлек, Халықаралық федерациясының президенті Сириядағы дағдарысты шешу үшін Астанада ұйымдастырылған келіссөздерді жоғары бағалады және жақын арада Сирия Араб Республикасына жасаған іс-сапары қорытындылары жөнінде сөз қозғады.

Кездесу нәтижесінде тараптар тұрақты бір-бірімен хабарласа отырып, кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.