«Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстандағы Ресей Елшілігіне келіп Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты»,-деп жазады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасына.
Еске сала кетейік, Кемеровода болған ірі өрт апаты 64 адамның өмірін қиып, тағы 76 адам зардап шеккен болатын.