Қайрат Әбдірахманов Швеция Короліне сенім грамоталарын тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қайрат Әбдірахманов Швеция Короліне сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, ҚР Президентінің 18 наурыздағы Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған болатын.
Ол 2016 жылғы желтоқсан айынан 2018 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.