Қайрат Ахметов титулдық кездесуде жеңіліс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қайрат Ахметов (23-0) «ONE: Kings and Conquerors» аралас жекпе-жек турнирінде бразилиялық Адриано Мораешем (15-2) жеңіліп қалды, деп жазады Sports.kz.

Кездесу бес раундқа созылды. Жекпе-жек  барысында Адриан қарсыласынан басым болғаны байқалды. Кездесу қортындысында Адриано Мораес жеңімпаз атанып аса жеңіл салмақта чемпион атанды.

Бұл қазақстандық Қайрат Ахметовтың спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі. Ол бұған дейін жиырма үш кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен болатын. Ал Мораеш 16-шы жеңісін тойлады.