«Қайрат» Андрей Аршавинмен келісімшарт мерзімін ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» футбол клубы Андрей Аршавинмен келісімшарт мерзімін ұзартты. Бұл туралы клубтың сайты хабарлайды.

Аршавиннің жаңа келісімшарт мерзімі бір жыл. Ал футболшының жалақысы әзірге белгісіз.

«Қайраттың» маған тағы бір жылға жаңа келісімшарт ұсынғаны қуантты. Маған Алматы ұнайды әрі жайлы. Клубқа қолымнан келгенше көмектесіп, пайдам болғанша жұмыс жасай беретін боламын», - деді ресейлік футболшы.

Естеріңізге салайық, Андрей Аршавин алматылық клуб сапында екі маусым өнер көрсетіп, 71 ойында 21 гол соқты.