Осы сәтке дейін 6 мыңнан астам билет сатылған. Алайда, алматылық клуб «Орталыққа» кем дегенде 17 мың көрерменнің жиналатынына сенімді.
Айта кетейік, дәл қазір Алматыда жаңбыр жауып жатыр. Бірақ, жанкүйерлер дәл осындай ауа райын «Қайраттікі» деп атайды.
Еске салайық, «Қайрат» өз стадионында 41 матчта жеңіліп көрген емес. Қазақстан Премьер-лигасында жеке кездесулердің статистикасы да алматылық команданың пайдасында. Бұл команда Қазақстан чемпионатының кездесулерінде де жеті ойын бойы «Астанадан» жеңілмей келеді.
Матч Астана уақытымен 20:30-да басталады.