Қайрат Жақиянұлы Қостанай облысының тумасы. Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Құқық қорғау органдарындағы жалпы еңбек өтілі 21 жылдан астам. Қаржы полициясында, прокуратура органдарында, оның ішінде 16 жыл Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Бұған дейін Астана қаласы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болды.
12:17, 21 Ақпан 2024
Қайрат Бижанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Жақиянұлы Бижанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.