Басқа үміткер болмағандықтан, ұйымның Атқарушы комитетіне франциялық Флоранс Ардуэн қайта сайланады. Ереже бойынша, бір орынға міндетті түрде әйел сайлануы тиіс. Қалған жеті орынға 10 адам таласады. Соның бірі - «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев. Сайлау 7 ақпан күні Римдегі УЕФА Конгресінің аясында өтеді. Атқарушы комитеттің мүшелері төрт жылдық мерзімге сайланады.
УЕФА Атқарушы комитетінің әйел мүшесі болуға кандидат:
1. Ардуэн Флоранс, Франция (ол қайта сайланбақ).
УЕФА Атқарушы комитетінің мүшелігіне кандидаттар (әліпби ретімен):
1. Бегич Элведин, Босния және Герцеговина
2. Боранбаев Қайрат, Қазақстан
3. Гомеш Фернанду, Португалия
4. Дука Арманд, Албания
5. Меллер-Кристенсен Йеспер, Дания
6. Михайлов Борислав, Болгария
7. Павелко Андрей, Украина
8. Рубиалес Луис, Испания
9. Чаньи Шандор, Венгрия
10. Шукер Давор, Хорватия.