«Сіздің жеңісіңіз біздің Паралимпиада ойындары атлеттеріне ерекше жігер сыйлап, алға ұмтылдырады. Сізге зор денсаулық, үлкен жеңістер тілеймін»,- деді құттықтау сөзінде.
Айта кету керек, кеше қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева еліміздің қоржынына тұңғыш медаль салған болатын.
Үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан отандасымыз 77.40 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған Олимпиаданың қола жүлдесін сыйлады.