Бұл кездесу қазақстан уақытымен 21:35–те Латвия астанасы Рига қаласындағы «Сконто» стадионында басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойын барысында бас төреші міндеті албаниялық Флориан Лятаға жүктелсе, оған Эринд Бургу мен Илир Тартарай көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Анди Кочи. Ал VAR төрешісі Крешник Барьямай болса, AVAR төрешісі міндетін Ольсион Изейрай атқарады.
«Қайрат» командасының құрамы
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмұрза, Бақтияр Алдашев.
Қорғаушылар: Луиш Мата, Дамир Қасабулат, Лев Кургин, Александр Мартынович, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Адлан Нұрғалиев, Лукас Африко, Данияр Ташпулатов.
Жартылай қорғаушылар: Әділет Садықбеков, Олжас Байбек, Якко Оксанен, Азамат Тұяқбаев, Ойва Юккола, Густаво Мендонса, Мұхамедали Әбіш.
Шабуылшылар: Эдмилсон, Мансұр Бірқұрманов, Марк Гуаль, Исмаил Бекболат.
«Рига» командасының құрамы
Қақпашылар: № 12. Кенан Пирич (Босния және Герцеговина), № 91. Марцис Казайнис (Латвия), № 26. Френкс Оролс (Латвия);
Қорғаушылар: № 13. Карл Вассом (Камерун), № 6. Райвис Юрковскис (Латвия), № 17. Андрес Саласар (Аргентина), № 21. Баба Муса (Гана), № 23. Максим Тонишев (Латвия),
№ 33. Пауло Эдуардо (Бразилия), № 34. Антоний Черномордый (Латвия);
Жартылай қорғаушылар: № 4. Орландо Гало (Коста-Рика), № 6. Коли Сако (Франция), № 7. Раки Ауани (Тунис), № 8. Яго Сикейра (Бразилия), № 11. Кайо Феррейра (Бразилия), № 15. Самуэл Педру (Португалия), № 18. Салах Улад (Нидерланд), № 22. Мейсса Диоп (Сенегал), № 40. Ахмед Анкра (Гана):
Шабуылшылар: № 10. Режиналдо Рамирес (Бразилия, 25 жас), № 19. Мухаммед Бадамоси (Гамбия), № 25. Абдулрахман Тайво (Нигерия).
«Рига» футбол клубы 2015 жылы құрылған. Қазірге дейін Латвияның 2018, 2019, 2020, 2025 жылдардағы чемпионы атанды. Сондай-ақ үш мәрте күміс, бір мәрте қола жүлдеге ие болды. Оған қоса 2018, 2023 жылдары Латвия кубогына қол жеткізді.
Айта кетсек, қазақстандық команда бұдан кейін UEFA Конференция лигасы негізгі кезеңінде тағы бес ойын өткізеді. Алдымен 22 қазанда елордада «Панатинаикос» (Грекия), 5 қарашада сырт алаңда «Аталанта» (Италия) клубымен шеберлік байқасады. Одан кейін өз алаңында 26 қарашада елордада «Мьельбю» (Швеция), 10 желтоқсанда «Университатя Крайова» (Румыния) клубтарын қабылдаса, 17 желтоқсанда сырт алаңда «Твенте» клубымен жасыл алаңға шығады.