Қайрат Дәуітов Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.