«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайрат» ФК шабуылшылары Уго Сильвейра мен Чума Анененің командадан кеткені туралы хабар тараған болатын. «Қайрат» ФК осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қазіргі уақытта екі футболшы да - клубта», - делінген «Қайрат» ФК ресми мәлімдемесінде.
22:05, 18 Маусым 2018
«Қайрат» екі легионердің кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» футбол клубы командадан екі легионердің кеткені туралы бұрын БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.