Қайрат Ералиев Қытайдағы іріктеу турнирінде жартылай финалға өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайрат Ералиев (56 келі) Қытайда Олимпиада лицензиялары сарапқа салынып жатқан турнирде екінші жекпе-жегіне ұтты.

Боксшы ширек финалда Моңғолия спортшысы Цендбатыр Эрденбатуды - 3:0 есебімен ұтқан. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қайрат - турнирде жартылай финалған өткен бесінші жерлесіміз.